«ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫ
2024 жылғы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде құрылған.
Кәсіпорын өз қызметін Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Концерттік ұжымда 14 бөлім жұмыс істейді.
Олардың қатарында әкімшілік-басқару, сахналық-техникалық, дыбыс режиссерлік,
концерттерді ұйымдастыру, музыкалық шығармашылықты қамтамасыз ету бөлімі, ақпараттық-жарнамалық қамтамасыз ету бөлімі, көркемдік және шаруашылық қызмет бағытындағы мамандар бар.
Шығармашылық ұжым құрамы:
Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі
«Қазына» халық би ансамблі
«Яссы» би ансамблі
«Қаған» этнофольклорлық ансамблі
«Қаратау» фольклорлық ансамблі
Вокалды-аспаптық ансамблі
Эстрада, дәстүрлі және классикалық ән орындаушылар ұжымдары
Ұйымның басты мақсаты – музыкалық-эстетикалық, көркемдігі жоғары шығармашылық бағдарламалар дайындау, кәсіби ұжымдар мен жеке орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру және музыкалық-ағартушылық қызметті дамыту.