«ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ»
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау

нәтижелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент концерт» концерттік ұйымы» (филармония) МКҚК бірлескен бұйрығы негізінде Кәсіпорынның 2024–2026 жылдардағы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Талдау 2026 жылғы 12 тамыз – 24 қыркүйек аралығында жүргізілді.
Зерделеу барысында Кәсіпорынның мемлекеттік сатып алуы, ақылы қызметтер көрсетуі, концерт залын жалға беруі, кадрлық рәсімдері және ішкі ұйымдастырушылық құжаттары қаралды.
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін бірқатар ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелер анықталды.
Жалпы, анықталған тәуекелдердің басым бөлігі шешім қабылдау рәсімдерін нақтылау, дискрециялық өкілеттіктерді шектеу, объективті критерийлер енгізу және қабылданған шешімдерді құжаттық негіздеу қажеттілігімен байланысты.
Талдау қорытындысы бойынша Кәсіпорынға мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру, әлеуетті өнім берушілерді іріктеу рәсімдерін жетілдіру, ақылы қызметтердің бағаларын белгілеудің ашық механизмін қалыптастыру, жеңілдіктер беру тәртібін регламенттеу, сондай-ақ кадрлық және ішкі ұйымдастырушылық рәсімдерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар берілді.
Кәсіпорын анықталған тәуекелдерді жою және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті шараларды қабылдауда.

ДӘСТҮРЛІ ӘННІҢ ЖАС ТАЛАНТЫ: АҚНҰР АБДРАМАННЫҢ «АЙТА БЕРСІН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

«Шымкент концерт» концерттік ұйымының дарынды әрі жас әншісі Ақнұр Абдраманның «Айта берсін» атты шығармашылық кеші өтті. Ұлттық өнердің құндылықтарын ұлықтап, бай мұрамызды насихаттауға бағытталған мәдени шара көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Музыкалық бағдарлама барысында Майлықожаның «Атасы жақсы қандайды» термесі, сондай-ақ «Қарай көзім», «Сайра бұлбұл», «Ләйлім шырақ», «Майра» және «Ақерке» сияқты халықтың сүйікті әндері шырқалды.
Әнші өз ұстазы, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұраровамен бірге дуэт орындап, өнердегі сабақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сондай-ақ кеш барсында «Шымкент концерт» концерттік ұйымының дәстүрлі әншілері Тұрар Әлменов, Оразалы Жаңабаев, Мағжан Альтенбаев, Алмасқожа Мұзаппаров, Жұлдызай Тұрғанбек, эстрада бөлімінің белді әншілері Бағлан Жолдасов, Меруерт Бұхардин, «Яссы» би ансамблі қалың көрерменге өнерін паш етті.

Шығармашылық кеш «Қаратау» фольклорлық ансамблі және «QAZAQ GROOVE PROJECT» вокалды- аспаптық ансаблінің сүйемелдеуімен толықтай жанды дауыста өтіп, көрермендердің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.
ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС
Ұлытау облысында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халық шығармашылығының Республикалық XXXIV дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалінде «Шымкент концерт» концерттік ұйымының дарынды өнерпазы Қуаныш Алғазиев III-орын иегері атанды!

Өнерімен көрермен жүрегін баурап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған Қуаныш Сақтағанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық өнерді, жыршылық дәстүрді ұлықтап жүрген өнер иесіне сарқылмас шабыт, шығармашылық табыстар мен жаңа биік асуларды бағындыруын тілейміз! Өнеріңіз өрлей берсін!
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАС
ЖҮЛДЕСІ — ШЫМКЕНТТЕ!
Ақтау қаласында өткен «Каспий – Достық теңізі» халықаралық эстрадалық вокал фестиваль-байқауында «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншісі Меруерт Бұхардин БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды.

Каспий жағалауын мекендеген халықтардың мәдени мұрасын насихаттауға қосқан үлесі, жоғары орындаушылық шеберлігі мен ерекше сахналық мәдениеті үшін Меруерт Бұхардин халықаралық қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болды. 

«Шымкент концерт» концерттік ұйымы Меруерт Бұхардинді осы халықаралық деңгейдегі жарқын жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, жаңа белестер, өнер айдынында толағай табыстар тілейді!
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ: «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ӘНШІСІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Қазақ өнеріне өзіндік өрнегімен келіп, сал-серілік дәстүрді XXI ғасырға жалғастырған біртуар тұлға, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылығына арналған республикалық ән байқау-фестивалі өз мәресіне жетті.

Абай облысы, Семей қаласының қаласында өткен бұл дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жас өнерпаздар қатысып, бақ сынады. Тартысты өткен өнер бәсекесінде «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпазы, дәстүрлі әнші Оразәлі Жаңабаев ерекше шеберлік танытып, жүлделі 3-ші орынды қанжығасына байлады.

Осы айтулы жеңіспен Оразәлі Жаңабаевты және ұжымның шығармашылық құрамын шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық өнерімізді дәріптеп, ән өнерін көкке әуелете беріңіз, алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыруға тілектеспіз!.
«ШЫМКЕНТ САЗЫ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР КЕШІ ӨТТІ
Бүгін «Қызғалдақ» сарайында «Шымкент концерт» концерттік ұйымының «Шымкент сазы» атты дәстүрлі өнер кеші өтті.
Кеш барысында халқымыздың бай музыкалық мұрасы, дәстүрлі ән мен күй өнері кеңінен насихатталып, көрерменге рухани демалыс сыйлады.

Концерттік бағдарлама аясында «Қаратау» фольклорлық ансамблі, «Қазына» би ансамблі және дәстүрлі ән орындаушылары өнер көрсетті. Жиналған көрерменге Кетбұға, Сүгір, Қазанғап, Құрманғазының құдіретті күйлері күмбірлеп, Асан Қайғы мен Нартайдың терең мағыналы термелері, сондай-ақ халық әндері мен белгілі композиторлардың туындылары жанды дауыста шырқалды.

Өнерсүйер қауым ұлттық руханиятпен сусындап, өнерпаздарға ыстық ықыласы мен қошеметін білдірді.
«ШЫМКЕНТ САЗЫ»: ҚАЗАҚ ҰЛТ-АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КЕЗЕКТІ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Бүгін, «Қызғалдақ» сарайында халықтық музыка мен әлемдік классиканы тоғыстырған Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің «Шымкент сазы» атты кезекті концерті өтті.

Концерт бағдарламасы Базарбай Жұманиязовтың рухты «Серпін» күйімен ашылып, залдағы көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Өмірбек Қонысбеков пен бас дирижер Жамбыл Мейірбековтің, сондай-ақ дирижер Мади Өмірзақтың шебер жетекшілігімен оркестр қазақтың бай музыкалық мұрасын кеңінен насихаттады. Кеш барысында Құрманғазы, Сүгір, Ықылас, Серік Әбдінұров, Әділ Бестібаев сынды саңлақтардың күйлері орындалып, тыңдарманды ұлттық өнердің кәусар бұлағынан сусындатты.

Кештің көркін ашқан дарынды солистердің өнері де көрермен қошеметіне бөленді. Сонымен қатар оркестр репертуарының кеңдігін танытып, Паскуаль Маркинаның «Эспанья Кани», Ришар Гальяноның тангосын және В.А. Моцарттың «Рондо» туындысын отандық ұлттық аспаптар үнімен құбылта жырлады.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫҚ!

«Шымкент концерт» концерттік ұйымының қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің талантты ноташы-маманы (музыка өңдеушісі) Таласбай Ерболат Жұмабайұлы республикалық деңгейдегі байқауда топ жарды.

Ақан сері атындағы облыстық филармония ұйымдастырған Әлти Қажы Көкенұлына арналған I Республикалық «Ұлтын сүйген ұлылар» байқауы мәреге жетті.
Бұл тартысты өнер додасында Ерболат Жұмабайұлы «Оркестрлік шығарма» номинациясы бойынша бақ сынап, ІІ орынды иеленді!

Бұл жетістік — ұжымымыздың ғана емес, тұтас шымкенттік өнер сүйер қауымның үлкен қуанышы. Оркестрдің ноталық базасын жүйелеп, шығармалардың өрістеуіне үлес қосып жүрген әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, толағай табыстар мен биік белестер тілейміз! .
«БҮГІНГІ ҚАЗАҚСТАН»: 140 ӨНЕРПАЗДЫ ТОҒЫСТЫРҒАН ТҰҢҒЫШ ЖОБА
Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында тұңғыш рет ел тарихы мен заманауи өнерді тоғыстырған «Бүгінгі Қазақстан» атты ауқымды мультиформатты музыкалық-театрландырылған қойылым ұсынылды. Шығармашылық топ тарихи оқиғаларды әдеттегідей баяндаудан бас тартып, Тәуелсіздіктің 35 жылын кейіпкердің өмірі арқылы көрсетуді жөн көрген. «Шымкент концерт» концерттік ұйымы сахналаған бұл туынды Тәуелсіздік жылдарымен тағдырлас бір әулеттің өмір жолын арқау етіп, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
Жобаның басты идеясы – Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдардан бергі 35 жылдық даму жолын сахналық өнер арқылы бейнелеу. Мюзиклдің бас кейіпкері Әділ 1991 жылдың 16 желтоқсанында дүниеге келген. Оның есею кезеңдері жас мемлекеттің қалыптасуымен тығыз байланыста өрбиді.
Қойылым желісінде ел тарихындағы іргелі оқиғалар көрініс тапқан.

ШЫМКЕНТ, ЖУРЕКТЕР БІРГЕ СОКСЫН!

«Шымкент концерт» концерттік ұйымынын, мақтанышы, талантты әншіміз

Фариза Беймаханбет

SuperStar KZ байқауында өз өнерімен бағын сынап жатыр!

Ол езінің ерекше дауысымен, журекке жол табар әндерімен бүкіл Қазакстанды тәнті етіп үлгерді. Енді оған әрқайсымыздың қолдауымыз бен ыстык,

ыкыласымыз ауадай қажет!

Бул — жәй ғана байқау емес, бул - туған

қаламыздын, өнері мен Шымкенттің дауысы!

ШЫМКЕНТТІК ӘНШІ «SUPERSTAR KZ»

МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ!

«Шымкент концерт» концерттік ұйымының талантты әншісі
Фариза Беймаханбет көрермендердің дауыс беру нәтижесінде жобаның ақтық, сынына жолдама алды!
Сахнадаы ерекше дауысы мен табандылығының,
арқасында финалаға дейін жеткен әншіміздің бұл
жетістігі - букіл ұжымымыздың, үлкен мақтанышы.
Алдағы шешуші кезеңде де жерлесімізге сәттілік тілейміз! Басты сахнада бағың, жансын, өнер көгінде әрдайым биіктен көріне бер! Жанкүйерлерді шешуші кезеңде де белсенділік танытып, бірге колдау

көрсетуге шақырамыз!

ЖАҢА БЕЙНЕБАЯН
Сүйікті Шымқаламыз жайында жаңа ән мен бейнебаян жарық көрді!
Әсем қаламыздың, көркін ашып, журекке жылу
сыйлайтын керемет туындыны назарларыңызға ұсынамыз!
«Шымкент концерт» концерттік ұйымының, талантты
әншісі Ораз Нышанбаевтың орындауындағы
«Шымқала» әніне түсірілген жаңа бейнебаян копшілік назарына ұсынылды.
Бул туынды - шуақты Шымкенттің кайталанбас келбетіне, туған жердің, қасиетіне және өлке
эстетикасына арналган шынайы махаббат әні.
Бейнебаянды тамашалап, сүйікті қаламыз жайлы өз
пікіріңізді калдырыңыз!
Contact us with any convenient way:
E-mail: hello@company.com
Phone: +123 466 567 78
Social networks: Facebook | Instagram | Youtube

© All Right Reserved. My company Inc.
e-mail us: hello@company.cc
Made on
Tilda