Qyzgaldak Sarayi туралы
«QYZGALDAQ» SARAIY – МЕГАПОЛИСТІҢ ЖАҢА МӘДЕНИ ТЫНЫСЫ
Шымкенттің көркіне сән беріп, сәулеттік келбетін айшықтай түскен еңселі нысандардың бірі – «Qyzgaldaq» saraiy ғимараты.
Сыртқы көрінісінің өзі сән мен салтанатты сездіретін бұл мәдениет ордасы – қала тұрғындары мен қонақтары үшін бүгінде жаңа рухани кеңістікке айналған.
Жалпы аумағы 5,24 гектарды алып жатқан нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталып, 2024 жылы пайдалануға берілген.
Ғимараттың жалпы ауданы – 17 964 шаршы метр.
Үш қабатты заманауи кешендегі үлкен концерт залы 2066 көрерменге арналған. Сонымен қатар, салтанат залы, конференц залы, баспасөз залы, мультимедиалық кабинеті бар.